12 млн-нан астам қазақстандық сайлаушылар тізіміне енген

(0 Votes)
фото El.kz

Мәжіліс сайлауында 12 млн-нан астам азамат таңдау жасайды. Әрбір сайлау науқанында азаматтардың тұрақты тіркелген жері және дауыс бергісі келетін учаскелеріне өтінім беру мүмкіндігі ескеріле отырып, сайлаушылардың тізімі жеке түзіледі.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың тізімін жинақтады. Оған алдын ала тұрғылықты жері бойынша бөлінген 12 032 550 сайлаушы кірді. Сайлаушылардың ең көбі – 1 177 507 сайлаушы Түркістан облысында, ал ең азы – 138 277 сайлаушы Ұлытау облысында тіркелді.

Тізімдердегі сайлаушылардың қайталануын болдырмау үшін ОСК барлық өңірдегі мәліметтерге қосымша талдау жүргізеді. Егер қайталанған деректер анықталса, онда ОСК өңірдердің жергілікті атқарушы органдарына тізімдерді ретке келтіруді тапсырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика