Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде күн санап қаржы пирамидаларының саны артуда

(0 Votes)

Қаржы пирамидаларын  құрушылар өздерін криптовалюталармен, шетелдік компаниялардың акцияларымен, зергерлік бұйымдармен, туристік жолдамалар және басқа да тауарлармен немесе көрсетілетін қызметтермен заңды түрде сауда жасайтындарын алға тартып, азаматтарды өздерінің орасан пайда табатын жобасына ақша салуға үгіттейді. Алайда, бұл Интернет кеңістігінде тез және оңай ақша табудың жолын іздейтін аңғал пайдаланушыларды үлкен қаржылық шығындарға ұшыратуы мүмкін.

Алаяқтарға кәміл сеніп, қаражаттарын аударған азаматтар түп соңында  қаржы пирамидасы құлағанда, «сандарын соғып» қалады. Әдетте, қаржы пирамидаларын құрушылар халыққа өзін тез ақтайтын жобаларға ақша салуды ұсынады, керемет болашақ пен «көзсіз байлыққа кенелетіндеріне» уәде беріп,  жобаға достары мен таныстарын белсенді тартуды сұрайды. Сол себепті,  пирамидалардың қауіпті торына түсіп қалмау үшін өте мұқият болу қажет.

 

Қаржы пирамидасының негізгі белгілері

 

Жалған ұйымдар ұсынатын жобаға қатысу үшін кіру жарнасын төлеу немесе мерзімді негізде ақша салып отыру қажет. Қаржы пирамидаларының тағы да бір ерекшелігі - салынған ақшадан түсетін үлкен пайыз бен оның тез қайтарылатындығы туралы уәде; тартылған әрбір жаңа қатысушы үшін бонустар, жеңілдіктер алу; әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белсенді және «мазалаушы» жарнама.

Сарапшының айтуынша, «ашық пирамидалар» деп аталатындар болады -  олар инвестициялау  немесе бизнеспен айналыспайтынын жасырмайды. Оларды құрушылар әу бастан  «қатысушылардың барлығына ақша жетпеуі мүмкін екенін және тартылған барлық түсім жаңа клиенттерді тарту есебінен болатынын» ескертеді. «Ашық пирамиданың» мысалы - әйгілі «МММ – 2011». Бүгінгі таңда, әрине, мұндай пирамидалардың қызметіне тыйым салынған, алайда пирамидалары да дамиды, енді олар онлайнға ауысып, басқа қызмет түрлерімен бүркемеленеді. Қаржы пирамидалары сақтандыру саласы, жылжымайтын мүлік нарығы сияқты салаларда, Форекс-нарығында және т. б. салаларда өздерін жақсы сезінеді.

Қаржы пирамидасы «ерекше/бірегей», «ғажайып», «пайдалы» тауар немесе «арнайы», «шектеулі» қызмет ұсынып, желілік маркетингтің атын да жамылуы мүмкін. Бұл косметика, сағаттар, акцияларға ақша салуды үйретуден бастап, клубқа мүшелікке дейін, круиздік ұсыныстар, саяхат және ойын-сауық сияқты түрлі қызметтер болуы мүмкін.

Қаржы пирамидасы консалтингтік компанияның атын жамылуы мүмкін. Алаяқтар азаматтарға кейде тегін кеңес бере отырып, қаржы нарығында ақша табуды ұсынады және олар клиенттің брокер-серіктесте шот ашуына мүдделі. Алаяқтар инвесторларды «серіктестерге» ақша аударуға ынталандырады. Кейбір жағдайларда алаяқтар клиент оларға пайданың пайызын алдамай береді деген болжаммен ұсыныстар береді, бірақ болжам дұрыс болмаған жағдайда жалған кеңесші жауапкершілік атқармайды.  Консультациялық қызметті өзге міндеттемелерге ауыртпалық келтіретіндей етіп ұсынуға болмайды. Егер ақпаратты сатудың орнына кеңесші басқа қызметтер немесе талаптар жүктесе, онда Сіздің алдыңызда жалған кеңесші тұрғанына шүбә келтірмесеңіз болады.

Егер жалған консалтинг жеткілікті дамыған аудиторияға арналған тұзақ дейтін болсақ, қаржылық сауаттылығы төмен адамдар үшін алаяқтар ақша табудың әртүрлі платформаларын ойлап тапты. Бұл жалған желілік ресурстар, онда қаржы нарығында автоматты түрде ақша табудың белгілі бір бағдарламасы жасалған және оны ойлап тапқандар оны әрі қарай азаматтарға ұсынуға дайын. Мұндай платформалар ақшаны ұры брокерге беруге сендіру міндетін орындайды.

Қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және реттеушінің депозиттерді қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы жоқ, тиісінше қаржылық реттеушінің бақылауында болмайды. Реттелмейтін ұйымдарға ақша салу ақшаны толық жоғалу қаупінің жоғары деңгейімен бірге жүретінін түсіну керек, өйткені оның қатысушылары арасындағы қарым-қатынас өзара сенімге негізделген және ақшаны беру мен шоғырландыру жөніндегі әрекеттерді қатысушылардың өздері жүзеге асырады. Сондықтан, қаржылық авантюраға түспеу үшін қаржылық сауаттылықты арттыру, қол қоюдан бұрын барлық құжаттарды мұқият оқып шығу және мамандармен кеңесу, сұрақтар қою, ұсынылған өнімдерді зерттеу қажет. Егер Сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар болса, онда Сіз Агенттікке шағыммен жүгіне аласыз, бірақ қаржылық пирамидалар жағдайында Сіздің ақшаңыздың сақталуына ешкім кепілдік бере алмайтынын естен шығармау керек. Агенттіктің ресми сайтында ұйымдардың лицензиясының болуын тексеру қажет.

 

Пирамиданың үш кезеңі

Бірінші. Құру фазасы. Әдетте, пирамиданың ұйымдастырушысы бірінші қатысушыларға өз қаражатынан үлкен табыс төлейді, бірінші қатысушылар шағын жарна төлейді. Осылайша, пирамида ұйымдастырушысы қатысушылар саны көбейтіп, беделін қалыптастырады.

Екінші. Өзінің қомақты табыстарымен шабыттанған бірінші қатысушылардың есебінен даму және өсу. Бірақ енді жаңа қатысушыларға сыйақы ұйымдастырушылардың, табысты инвестициялардың немесе нақты бизнес-жобалардың есебінен емес, жаңадан келгендердің есебінен төленеді. Бірақ қандай да бір сәтте уәде етілген сыйақыны төлеуге қаражат жеткіліксіз болып шығады (әрине, басынан бастап пирамидадан шығып кетуге дайын тұрған ұйымдастырушылардың құпия шоттарында түскен ақшаның шоғырлануын есепке ала отырып).   

Үшінші. Қашып құтыла алмайтын заңдылық - пирамиданың күйреуі. Қатысушылардың белгілі бір саны мен үлкен сома жиналған кезде ұйымдастырушы қатысушылардың барлық ақшасымен жоғалады. Ең соңында келгендер сыйақысыз және қаражатсыз қалады. Сондай-ақ оларда қандай да жолмен бір қорғану мүмкіндігі де болмайды, өйткені Қазақстандағы қаржы пирамидаларының қызметі заңсыз, яғни пирамиданы ұйымдастырушылармен қол қойылған барлық құжаттардың заңды күші жоқ.

Өз ақшаңызбен тәуекелге бару алдында жеті тексеру іс-әрекеті:

1. Компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың дәйектілігін зерделеңіз. Депозит тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арқылы қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс.

Егер сізде қаржы пирамидасымен байланыс жасағаныңыз жөнінде күмән пайда болса, құқық қорғау органдарына және қаржы реттеушісіне дереу өтініш беруіңіз қажет.

2. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпараты зерделеңіз, сондай-ақ оның қайда тіркелген біліңіз. Егер басшылық туралы деректер құпия болса, ал компанияның өзі әлдебір оффшорлық аймақта тіркелсе, онда оған ақшаңызды орналастыру алдына ойланыңыз. Компанияларды оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал нақты иесінің атын немесе осы құрылымның артында кім тұрғанын білу өте күрделі. Сондықтан компанияның барлық жарғылық және құрылтай құжаттарын ұсынуды міндетті түрде сұраңыз.

Бірінші кезекте, компанияның лицензияланғанын не лицензияланбағанын және өз қызметін қандай нормативтік және рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асыратынын біліңіз. Сондай-ақ компанияның есептілігімен танысқан және пайданы қайдан және қанша табатынын білген дұрыс.

3. Егер инвестициялардың кепілдік берілген жоғары кірістілігіне уәде берсе, одан сақтану керек. Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның жылдам және оңай байып кету ниетімен ойнайды. Сондықтан пирамидалар жылдық 20, 50, 100% кірістілік болады деп оңай уәде береді, себебі бұл уәдені орындамайды.

Егер компания қызметінің ерекшелігі айқын болмаса, ақша салудан бас тарту керек. Ақшаны қайтарудың нақты тетігінің болмауына сақтықпен қарау керек. Мысалы, егер қаражат белгілі бір сомаға қол жеткізгеннен кейін қайтарылады деп жазылса. Сіздің салынған қаражатты басқару және қажет болған кезде оны алу мүмкіндігіңіз болуға тиіс. Осындай деректер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қояр алдында оны мұқият зерделеу, ал түсініксіз тармақтар болған кезде, мамандардан консультация алу қажет.

Шақыру жарнамасы – бұл жоғары пайыз алуға негіз емес, уәделердің орындалуына күмән екені есіңізде болсын.

4. Жаңа салымшыларды тарту үшін сыйақы ұсына ма?   

Бас тартыңыз - бұл Сізді қаржы пирамидасына тартудың бұлтартпас айғағы.

5. Қарыз шартын ұсына ма? Бұл пирамида құрудың ең көп таралған әдісі екенін біліңіз. Әдетте, шарт жасасқан компанияның «сүттен ақ, судан таза» шыға алуы үшін мұндай қарыз шарты түрлі дәлсіздіктермен және ескертулермен жасалады.

Сондықтан қаржылық қызметтерді тұтынушылар шарттың талаптарымен мұқият танысып, түсініксіз позициялар болған жағдайда, тәуекел етпеуі және оларға өз ақшасын бермеуі қажет.

6. Компания корпоративтік іс-шараларға, әртүрлі жүлделердің, сыйлықтардың, жолдамалардың ұтыс ойынына қатысуға шақыра ма? Бас тартыңыз!   

Бұл – жаңа салымшылардың пирамидасына тартудың ең танымал тәсілдерінің бірі. Осылайша, бір жағынан, «табысты және кірісі мол компанияның» бейнесі қалыптасады. Ал екінші жағынан – басынан бастап пирамидаға күмән білдірген қатысушылардың «корпоративтік рухын» нығайтады, мұның бәрі пирамиданың күйреуімен аяқталатыны бесенеден белгілі.

7. Компанияның ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақша қабылдайды немесе өз қызметінде компаниялардың банктердегі арнайы есеп-шоттарын  және анық бухгалтерлік есептілікті қолданбай, әр түрлі интернет - төлемдер мен аударымдар жүйесін пайдаланады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521