Президент Жолдауында ел дамуының негізгі бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесі айқын көрсетілді. Бұл бастамалар мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, қоғам өмірінің барлық саласына тиімді өзгерістер енгізуге бағытталған.
Цифрлық серпін – уақыт талабына сай қабылданған стратегиялық қадам. Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы артып, шешім қабылдау үдерісі жеделдей түсуде. Дерекке негізделген басқару ашықтықты қамтамасыз етіп, адам факторынан туындайтын тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады. Сонымен қатар, цифрлық даму адами капиталды жетілдірумен қатар жүруі тиіс.
Президент Жолдауында атап өтілгендей, технология мүмкіндіктерін саналы әрі жауапкершілікпен пайдалану – тұрақты дамудың кепілі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашаққа берік негіз қалайды.


