Заң мен Тәртіп: Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді.

Тексеру барысында қылмысты болдырмау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, алкоголь өнімдері мен темекі бұйымдарын тұтынбау, автокөлік және мотокөлік құралдарын басқармау, шанышпалы-кесетін заттарды өзімен алып жүрмеу мәселелері түсіндірілді.

Сондай-ақ қоғамдық орындарда жасөспірімдер арасындағы төбелес, қорқытып алушылық пен бопсалаудың алдын алу, нашақорлыққа жол бермеу, мұз айдындарындағы қауіпсіздік, табиғи газ бен электр жарығын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы кеңінен айтылды.

Аталған шаралар кәмелетке толмағандар арасында Заң мен Тәртіп қағидаттарын нығайтуға және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT