Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында туризмді дамыту басты мақсат екенін атап өтті. «Тағы бір маңызды мәселе, бұл – туризм. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда. Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады. Ал шетелден туристер тарту мәселесі және отандық туризм саясатын заң тұрғысынан қамтамасыз ету орталық органдардың назарында ұсталады» деген еді Президентіміз.
Бізде лотос алқабы бар. Өткен жылы оны тамашалауға он мың адам келгені мәлім. Осыны қолға алып, ауданымызда туризмді дамытқан тиімді. Оған жұмсалған ақша өзін ақтайды. Өткен жыл қорытындысымен Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сарыдария ауданы), Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы), Көлденең (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы), Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы) ауылдары Қазақстанның үздік туристік ауылдары деп танылған. Бұлар тұрған жерлерінің сұлу табиғаты, көрнекті орындары, тарихи ескерткіштері арқылы пайда көріп отыр. Шетелден де туристер ағылады екен. Алға қарай олардың туризмдегі тәжірибесін зерттеп, ауданымызда да жүзеге асырған жөн сияқты.
Ақмарал Оразғалиева


