Технология мен тағдыр тоғысы

(0 Votes)

Президент Жолдауында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту еліміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде айқын белгіленді.

Бұл — Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды қадам. Себебі бүгінгі таңда технология тек құрал емес, адам тағдырына әсер ететін нақты факторға айналып отыр. Жасанды интеллект өндіріс, білім, медицина, журналистика секілді салаларға еніп, қоғам өмірін түбегейлі өзгертуде. Кеше тағдырдың жазуы деп қабылданған көптеген жағдайлар бүгінде деректер мен алгоритмдер арқылы болжанып, басқарылуда.

Алайда Президент Жолдауында атап өтілгендей, технология дамуы адам жауапкершілігімен, адами құндылықтармен қатар жүруі тиіс. Технология мен тағдыр тоғысқан кезеңде басты мәселе — жасанды интеллектіні адамға қызмет ететін, ұлттық мүддеге сай құралға айналдыру. Бұл бағытта әр азаматтың саналы таңдауы мен белсенді ұстанымы еліміздің ертеңін қалыптастырады.

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT