Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінде барлық сыныптарда “Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ”тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы түсінік беру, әділдік пен адалдыққа тәрбиелеу, қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Сынып сағаттарында бейнероликтер көрсетіліп, жағдаяттар талданып, ашық пікір алмасулар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, әділ қоғам құру жолындағы азаматтық ұстанымдарын білдірді.


