Панфилов мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оқушылардың адалдық, әділдік және жауапкершілік туралы түсініктерін кеңейту мақсатында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттар барысында оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымымен танысып, оның қоғамға тигізер кері әсері туралы пікір алмасты. Түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен ашық әңгімелер арқылы адал болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Адал ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!


