Сана серпілісі: жаңа кезеңнің талабы

(0 Votes)

Президент Жолдауында қазіргі кезеңнің басты ерекшелігі — жаһандық өзгерістерге бейімделе алатын, жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыру екені айқын айтылды. Бұл тек экономикалық өсіммен шектелмей, ең алдымен қоғамдық сананың жаңаруын талап етеді.

Бүгінгі таңда цифрландыру, жасанды интеллект, технологиялық даму адам өмірінің барлық саласына еніп отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, мұндай үдерістерге дайын болу үшін білім мен біліктілікті ғана емес, ойлау жүйесін де жаңарту қажет. Ақпаратты дұрыс қабылдау, оны сараптай білу — қазіргі қоғам үшін аса маңызды қабілетке айналды. Жолдауда жастардың ел болашағындағы орнына ерекше мән берілді. Себебі жаңа идеялар мен тың бастамалар ең алдымен жас буыннан шығады.

Алайда жаңашылдық ұлттық құндылықтармен ұштасқанда ғана нақты нәтиже береді. Дәстүр мен дамудың үйлесімі — тұрақты қоғамның берік негізі. Сондықтан Президент Жолдауы қоғам алдына нақты міндет қояды: өзгерісті сырттан күтпей, оны әр азамат өзінен бастауы тиіс. Сана серпілісі — бір сәттік құбылыс емес, үздіксіз жүретін жауапты үдеріс. Ал осы үдерістен қалыс қалмау — бүгінгі күннің басты талабы.

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT