Парламенттің Құрылтай аталуын қолдаймын

(0 Votes)

Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа Парламенті жайлы пікірін ортаға салып: «Қысқаша айтқанда, «Құрылтай» деген атауды беру керек деп сенемін.

Азаматтарымыз осы мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ұсыныстарын жолдады. Жұмыс тобы келіп түскен ұсыныстарды зерделеп, барлық жағынан қарастырды», деп оны тікелей бақылауда ұстағанын жеткізді. Президентіміз  «Құрылтай» атауының тарихи аясы мен мағынасы халқымызға түсінікті әрі жақын екенін атап өтті.

Жалпы бұл сөз қазаққа етене таныс. Қазақ тарихында да Қарақұмдағы халық құрылтайы, Ордабасыдағы құрылтай т.б. ел тарихындағы елеулі мәселелерді қозғайтын келелі кеңеске негізделген жиындар өткені белілі. «Құрылтай» сөзі 1920 жылға дейін Орта Азия мемлекеттерінде  қолданылып келді. Қазіргі күні бұл ұғым Монғолия мемлекетінде сақталған. Оларда Их Хурал немесе Ұлы Құрал, яғни, елдегі заң шығарушы орган – парламент  осылай аталады. Төрт жылда бір рет оған сайлау өтеді. 

Құрылтай – түркі халықтары, оның ішінде қазаққа да тиесілі төл сөз болғандықтан парламентті  осылай атауға негіз бар. Мұны – арғы дәуірлерден жалғасқан мемлекет басқару дәстүрін жаңғыртудағы бір қадам деп қарастыруға әбден болады. Өткені мен бүгінгісін және ертеңін бөле-жара қарамайтын өзге жұрттар осылай жасап отыр. Мысалы іргедегі Ресейде заң шығарушы орын Парламент деп емес, Федералдық жиын, Германияда бундестаг, Қырғызстанда Жоғары кенеш  деп аталады. Еліміздің заң шығарушы органына халыққа жақын жаңа атау берілуін  қолдаймын.  

Ержан Ғайнетов,

Құрманғазы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT