Ұлттық құрылтайдағы елдік үн

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V  отырысында көк Туымызға қатысты айтқан пікірі әрбір жасқа ерекше рух береді. Студент ретінде еліміздің Туы спорттық жарыстарда, халықаралық іс-шараларда желбіреген сәттерді көргенде бойымызды мақтаныш сезімі кернейді.

Бұл – тек символ емес, тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен болашаққа деген сеніміміздің белгісі. Жастардың көк Туды құрметтеп, оны биікке көтеруі – елге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі.

Біз, студент жастар, білім алып қана қоймай, еліміздің абыройын асқақтатуға, бірлігі бекем мемлекет құруға өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Бекзат БЕКЕЖАНҰЛЫ,

студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT