Ұлттық құрылтай - қоғамды сапалы жаңартудың алаңы

(0 Votes)

Ұлттық құрылтайдың ел өміріндегі рөліне тоқталған Мемлекет басшысы соңғы төрт жылда Құрылтай алаңында көтерілген ұсыныстардың негізінде бірқатар маңызды заңнамалық өзгерістер қабылданғанын атап өтті.

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, заң мен тәртіп қағидатын нығайту, зиянды әдеттерге қарсы күрес, еңбек адамдарының мәртебесін арттыру қоғамның сапалы жаңаруына бағытталған жүйелі реформалардың көрінісі. Мәдениет пен руханият саласына қатысты бастамалар да құрылтай отырысында кеңінен қамтылды. Президент ұлттық мәдени мұраны сақтау, тарихи жәдігерлерді ЮНЕСКО тізіміне енгізу, театрлар мен мәдениет нысандарын салу және жаңғырту, кітапхана және музей ісін дамыту мәселелеріне айрықша мән берді. Сонымен бірге тарихи және ғылыми мұраны цифрландыру арқылы «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бастамасын қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы қоғамда заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілікті нығайтудың маңызын атап өтті. Қыз алып қашу сияқты заңға қайшы әрекеттерге мүлдем жол беруге болмайтынын қатаң мәлімдеп, әрбір азаматтың заң талаптарын бұлжытпай орындауы әділетті қоғам құрудың басты шарты екенін жеткізді. 

Асқар Ғұмаров, 

ардагер журналист, өлкетанушы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT