ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚПЕН ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ МІНДЕТ!

(0 Votes)
2026 жылдың қаңтар айының 13-і күні Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Құрманғазы АПБ-і КПБ-ң аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А.Алиев, АПБ-ң ҚҚб-ң УПИ полиция капитаны А.Елеуов, АПБ-ң ҚҚб-ң ЮПТ-ң УПИ полиция майоры Д.Қаратаева 7-11 сынып оқушылармен жиналыс өткізілді.
 
Жиналыста жасөспірімдер қылмысының алдын-алу және профилактикасы, оның ішінде білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, қоғамдық орындарда және көшелерде бұзақылықтың алдын-алу, жасөспірімдермен жасалатын және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандармен болатын оқыс оқиғалардың алдын-алу, оның ішінде көп қабатты үйлердің терезелерінен абайсызда құлау, жол-көлік оқиғаларына ұшырау фактілерінің алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
 
Синтетикалық есірткі немесе психотропты заттар жастар арасында көп қолданылатындығына байланысты оның зардабы түсіндірілді. Нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді.
 
Жасөспірімдер арасында орын алып отырған бопсалаушылық, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг, сонымен қатар ұсақ бұзақылық оның ішінде былапыт сөздермен тілдемеу, ұрып-соқпау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде және ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу;
 
Мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед тізгіндеуге болмайтындығы, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.
 
ҚР ІІМ-нің номері 1-5-5-6-78/4558-и санды нұсқауы негізінде балалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балаларды интернет алаяқтарының құрбаны болудан сақтау бойынша, дропер жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Сонымен қатар республикалық экологиялық “Таза Қазақстан” бағдарламасының негізінде, оқушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру, абаттандыру қағидаларын сақтау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-2; 505 баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT