ЕҢБЕКПЕН ЕЛ ТІРЕГІ БОЛҒАН МАМАНДЫҚ – ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

(0 Votes)

Ел дамуы ең алдымен адал еңбекке, маңдай термен атқарылған жұмысқа сүйенеді. Осы орайда «Жұмысшы мамандықтар жылы» – қоғамда нақты еңбектің, кәсіби шеберліктің маңызын арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Бұл жыл аясында өндіріс пен құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымның алға жылжуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жұмысшы мамандарға ерекше көңіл бөлінуде. Солардың бірі – дәнекерлеуші мамандығы.

 Дәнекерлеуші – темірді темірге жалғап қана қоймай, елдің дамуына берік негіз қалайтын жауапты маман. Құрылыс нысандары, көпірлер, зауыт-фабрикалар, мұнай-газ саласындағы нысандар, ауыл шаруашылығы техникасы – барлығы дерлік дәнекерлеушінің кәсіби еңбегін қажет етеді. Бұл мамандық жоғары дәлдік пен төзімділікті, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды талап етеді.

Бүгінгі таңда дәнекерлеуші мамандарына деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Себебі өндіріс орындарының жаңаруы, инфрақұрылымның кеңеюі, құрылыс қарқынының өсуі осы сала мамандарына тәуелді. Білікті дәнекерлеуші тұрақты жұмыспен, лайықты еңбекақымен қамтылып қана қоймай, кәсіби деңгейін арттыру арқылы жоғары табысқа да қол жеткізе алады.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бұл мамандықты дәріптеу – жастарды нақты еңбекке баулу, кәсіптік білім берудің беделін көтеру, жұмысшы кадрлардың қоғамдағы орнын айқындау деген сөз. Қолымен жұмыс істеп, елге пайдасын тигізіп жүрген әрбір маман – құрметке лайық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT