Ақылды технологиялар мен басқару

(0 Votes)

Қазіргі жаһандану жағдайында қоғамды басқару жүйесінде жаңа тәсілдер мен заманауи шешімдер қажет. Осы орайда ақылды технологиялар мен жасанды интеллект басқару үдерістерін жетілдірудің маңызды құралына айналып отыр.

Деректерді талдау, процестерді автоматтандыру және нақты болжам жасау мүмкіндігі басқару тиімділігін арттыруға жол ашады. Мемлекет басшысы өз Жолдауларында цифрландыруды және инновациялық технологияларды дамытуға ерекше мән беріп келеді. Ақылды технологияларды енгізу мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып қана қоймай, шешім қабылдаудағы ашықтық пен жеделдікті қамтамасыз етеді. Бұл — уақыт талабына сай басқарудың жаңа үлгісі. Сонымен қатар, технология қаншалықты дамығанымен, адами жауапкершілік пен кәсіби ұстаным басты орында қалуы тиіс. Ақылды жүйелер басқару шешімдерін оңтайландыруға көмектескенімен, оның түпкі нәтижесі адам санасы мен қоғам мүддесіне бағытталуы қажет. Тек осындай үйлесім ғана тұрақты әрі тиімді басқаруға негіз бола алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT