Зейнолланың өлеңі

(0 Votes)

Төл әдебиетіміздің тамаша сыншысы, эстет-ғалым Зейнолла Серікқалиев (1938–2004) өзінен жасы біршама кіші, қызара бөртіп алған бір ақынмен сөз таластырып қалыпты.

Ақын жігіт көкірек қағып, еліре сөйлеп, өлең жазу сыншылардың қолынан келмейтінін айтып өңмеңдей түседі. Жай сөзге тоқтамайды. Мақтаншақтың сөзіне күйіп кеткен Зейнолла ағамыз шыдай алмай:

- Бас сүйегіңді саудыратып,

Каска етсем дeп eдiм,

Бет теріңді сыпырып aп,

Маска етсем дeп eдiм,

Кеңірдегіңді суырып aп,

Шләнгі етсем дeп eдiм,

Құлағыңды жұлып aп,

Ләңгі етсем дeп eдiм, –

дейді, Махамбетше жырлап. Мұны естіген әлігі ақынсымақ орнынан атып тұрып шыға жөнеліпті.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521