- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 250
«Саламатты Қазақстан» пойызы ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен, Samruk-Kazyna Trust қорының қаржыландыруымен және Денсаулық сақтау министрлігімен серіктестікте іске асырылып келеді.
Ел ауылдарына тегін медициналық және құқықтық көмек көрсететін мамандар азаматтардың көп жылдық мәселелерін шешуге көмек көрсетуде.
Атырау облысының Аққыстау ауылында Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан 7 ардагер жылдар бойы өздеріне тиесілі әлеуметтік жеңілдіктерді ала алмай келген еді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының медиаторының көмегімен және мемлекеттік органдарға жолданған ресми өтініштерден кейін ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге квоталар бөлінді.
Ұлттық комиссия бастамасымен жобаға қосылған медиаторлар мен заңгерлер ауыл тұрғындарына еңбек дауларын шешуге, әлеуметтік, сот пен өзге де маңызды сұрақтарды шешуде маңызды рөл атқаруда.
Медициналық пойыз өңірде 6–17 маусым аралығында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде 5 710 адам тегін көмек алды, олардың 5 402-сі медициналық қызметке жүгінген. Әрбір үшінші пациент – бала.
Кеңес беруден бөлек, тұрғындар УДЗ, ЭКГ, флюорография, гастрофиброскопия және зертханалық талдаулардан өте алады. Қажет болған жағдайда дәрігерлер шағын хирургиялық операциялар жасайды.
Биыл медициналық пойыз еліміздің 123 елді мекенін қамтиды. Алты ай ішінде 100 мыңнан астам адам, әсіресе шалғайдағы ауыл тұрғындары, білікті көмек алады деп күтілуде.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 268
Бұл күндері әлеуметтік желілерде қант диабеті, церебральды сал ауруы және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық көмек пен дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің шектеулеріне тап болады деген жалған ақпарат таратылуда. Бұл мүлдем шындыққа жанаспайды.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 199
Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігерлер ауыр туа біткен ақауы бар алты жаңа туған сәбиге сәтті ота жасады. Барлық операциялар заманауи жабдықтардың арқасында мүмкін болды. Бұл құрылғыларды «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Ayala» қоры орталыққа табыстаған болатын.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 313
Туберкулез бұл ежелден келе жатырған қабынбалы өкпе мен лимфа түйінділерінде пайда болатын жұқпалы аурулар және әлемде көп таралған инфекциялардың бірі болып табылады.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 857
Медицина саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ретінде Президенттің жасанды интеллектті денсаулық сақтау жүйесіне енгізу бастамасын құптаймын. Бұрын диагноз қоюда, науқастардың деректерін сақтауда қиындықтар кездесетін. Ал жаңа технологиялар ауруларды ерте анықтап, емдеу сапасын жақсартады. Әсіресе шалғай ауыл тұрғындары үшін қашықтан медициналық көмек алу – үлкен мүмкіндік. Бұл бастама халық денсаулығын қорғауда жаңа белес ашады.
Меңдібай Досқалиев,
Медицина саласының ардагері
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 953
Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіздігін нығайту, олардың құқықтарын қорғау және үйлесімді дамуына жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жаңа оқу жылынан бастап еліміздің мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастады. Сонымен қатар, мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Енді мектептің ас мәзірін ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау міндеті денсаулық сақтау ұйымдарына берілді.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 1444
"Атырау. Маленькая страна" қоғамдық бірлестігінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту және қалпына келтіру мүмкіндіктері кеңейіп келеді.
2020 жылдан бері бұл бағыттағы қайырымдылық пен оңалту бастамаларын дамытуда «Теңізшевройл» компаниясы негізгі серіктеске айналды. Компанияның тұрақты қолдауының арқасында "Атырау. Маленькая страна" қоғамдық бірлестігі кәсіби мамандардан құралған мықты команда жасақтап қана қоймай, болашаққа ауқымды жоспарлар құру мүмкіндігіне ие болды.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 1753
AYALA қайырымдылық қоры мен INPEX North Caspian Sea, Ltd. компаниясы Атырау облыстық перинаталдық орталығына фототерапия шамдары мен билирубин өлшегіш құрылғыларды табыстады. Бұл жаңа жабдық неонаталдық сарыауруды уақытында анықтап, емдеуге мүмкіндік береді. Бұл – күрделі асқыну кезінде мүгедектікке әкелуі мүмкін қауіпті жағдай.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 1790
Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты Майкомген ауылында «Самға» атты ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету-дамыту орталығы өз жұмысын бастады. Көптен күткен бұл орталықтың ашылуына «Теңізшевройл» компаниясының қаржылай қолдауы және «Күн сәулесі» жобасы аясында «Ой-сана» психологтар қоғамдық бірлестігінің бастамасы себеп болды.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 1938
Атырау облысында оқушылардың ауыз қуысы саулығын сақтау және стоматологиялық аурулардың алдын алу мақсатында мектептерде арнайы кабинеттер ашу жұмыстары басталды. Бұл бастама 2025-2028 жылдарға арналған жоспар аясында жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Еще материалы
- Заманауи медициналық технологиялар – дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
- «Өмір сыйлайық»: Атырауда жаңа туған нәрестелерді құтқару жобасы жүзеге асырылуда
- Атырауда алғаш рет неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылады
- МӘМС аясындағы азаматтардың жиі қоятын сұрақтары
- Атырауда сал ауруына шалдыққан бала жалпы білім беретін мектепке барып, параспорт бойынша чемпион атанды

