banerkzbig

Өркениет өзегі

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғырту үшін тың ұсынысты алға тартты.

Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжаттар, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатқаны мақалада егжей-тегжейлі баяндалады.

Сондықтан да Елбасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі зерттеулер жүргізу үшін «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауды қолдайтындығын айтты. Менің ойымша, бұл жоба жүзеге асырылса, біздің еліміздің тарихын бүкіл шет мемлекеттер танитын болады. Қалай айтсақ та бұл маңызды жұмыс. Ол үшін архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды цифрлық форматқа көшіру қажет.

Қорыта айтқанда, Елбасы мақаласында айтылған біздің тарихымызды танытатын ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізуіміз керек. Ол үшін бүгінгі күні сол мақсатта жұмылып, тынбай жұмыс жасауымыз керек.

Гүлшат Шакирова,

С.Имашев атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig