Исатай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ауғанстан демократиялық республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай волейболдан ардагерлер арасында облыстық турнир өтті.
Оған облыс аудандарынан жиналған 6 команда қатысты.
Тартысты ойын нәтижесінде Құрманғазы ауданының құрамасы жеңіс тұғырынан көрінсе, ІІ орынды Махамбет ауданы, ІІІ орынды Исатай ауданы қанжығаларына байлады.
Сондай-ақ, «Үздік ойыншы» аталымымен аудан командасындағы спортшы Өркен Тәжібаев марапатталды.