banerkzbig

Қазақстанда футбол маусымы аяқталды

(0 Votes)

Премьер-лиганың 2019 жылғы маусымы өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Чемпион мен жүлдегерлер толық анықталды. Сондай-ақ, бірінші лигаға түсіп қалған екі клуб та белгілі. Чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда "Астана" клубы чемпион атанды. Елорда командасы осымен алтыншы рет топ жарып отыр. Олар биыл 33 ойында 69 ұпай жинады және қарсылас қақпасына 67 гол соқты. Бұл жағынан ең үздік нәтиже Роман Григорчук шәкірттеріне тиесілі.

Соңғы турда "Астана" өз алаңында "Ертіске" есе жіберді. Соның арқасында Павлодар клубы маусымды сегізінші орынмен аяқтады.

"Қайрат" тағы да екінші. Биыл да "Астанадан" 1 ұпайға қалып қойды. Алматы командасы соңғы турда "Атырауды" 2:1 есебімен ұтты. Қола жүлдеге Шымкенттің "Ордабасы" командасы ие болды. Шешуші турда Кахабер Цхададзе шәкірттері "Таразға" еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен басым түсті.

Маусым бойы алғашқы үштіктен түспеген, тіпті бірнеше тур көш бастаған "Тобыл" маусымды төртінші орынмен аяқтады. Соңғы турларда Қостанай командасы "Ордабасы", "Қайрат", "Астана" үшеуімен де кездесіп, бірде-бір ұпай еншілей алмады. Сондықтан жүлдеден құралақан қалды.

Енді УЕФА Чемпиондар лигасының 2020/21 жылғы маусымының іріктеу кезеңіне тағы да "Астана" қатысады. Ал Еуропа лигасында "Қайрат" пен "Ордабасы" және Қазақстан кубогын жеңіп алған "Қайсар" бақ сынайды. Қызылордалықтар іріктеуді екінші кезеңнен бастайды.

Ал премьер-лиганы 10-орынмен аяқтаған "Тараз" жоғары топта қалу үшін бірінші лиганың қола жүлдегері «Ақжайықпен» кездеседі. Алғашқы ойын 15 қарашада Оралда өтсе, қарымта матч 18 қарашаға жоспарланған. Екінші ойын Тараз қаласында болады.

Өкінішке қарай, "Атырау" мен "Ақтөбе" премьер-лигамен қош айтысты. Биылғы маусымда 19 гол соққан "Қайрат" шабуылшысы Адеринсола Эсеола мен "Астана" командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов үздік сұрмерген атанды. Отандық ойыншылардан "Ақтөбе" шабуылшысы Абат Айымбетовті ерекше айтып өтуге болады. Ол биыл 16 рет мергендік танытты.

Бек ТӨЛЕУОВ

Фото: дереккөз

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig