banerkzbig

«Астана» командасы «Манчестер Юнайтедті» қалай жеңді?

(0 Votes)

Еуропа Лигасы аясында «Астана» командасы Астана-Арена стадионында Англияның «Манчестер Юнайтед» командасын қабылдап, жеңіске жетті.

Ойын бастала салысымен, Англия командасы допты өз иеліктерінде ұстады. Алғашқы таймның 10 минутында қарсы команда ойыншысы Джесси Лингард командаласы Лук Шоудың пасын алып, есепті ашты. Екінші таймды қызыл жиделілер әлсіреді. Тек 55 минутында «Астана» сапының ойыншысы Дмитрий Шомко есепті теңестірді. Араға 5 минут салып, «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Джишон Бернард қателік жасап, өз қақпасына гол салып алды.

Сонымен, «Астана» командасы, өз тобында «Манчестер Юнайтед» командасын 2:1 есебімен жеңсе де, 3 ұпаймен төртінші орында тұрақтап қалды. Ал англиялық команда 10 ұпай еншілеп, командалық есепте бірінші болып шықты.

«Біз ойынды керемет бастадық. Тамаша гол соқтық. Бүгін мұндай кездесуге алғаш шыққан үш ойыншы керемет матч өткізді. Жеңіс үшін бізге уақыт жетпей қалды», - деді «Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Сульшер баспасөз мәслихатында журналистердің берген сауалына осылай жауап берді.

Сұлтан Мұхан

Сурет: fcastana

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig