«Жастар жылында» жақсы іс тындырайық

Елбасы Жарлығымен «Жастар жылы» деп жаһанға жар салып жатырмыз.

Олай болатын болса, Жастар ресурстық орталығы, мәдениет ошақтары, жергілікті әкімдер тек шараның санына малданып, түрлі флешмобтар, құр ұраншыл бір нәрселер өткізе беруді шектеулері қажет.

Ең алдымен округтегі жұмыссыз жастардың есебін алып, мысалы Нұржауға ма, сол мекенге барып, олардың бастарын құрап, алқаптарға көкөніс егетін бригадалар құру керек. Ішсе – асқа, кисе – киімге жарымай жүргендерді мал бағуға баулып, осылай ата кәсіптің дәмін татқызып көру керек. Қиғаш бойындағы жұмыссыз жастар жағажайға мол етіп картоп ексін. Бір тобы құрылысқа қажетті саман тас соғып дайындасын. Тіпті кейбірі ауыл-ауылдың малын бақсын кезектесіп. Абай бабамыз айтқандай «Есектің артын жуса да мал тапсын». Кәсіпкерлік те жастарды күтіп тұр. Шанымдыларына шағын кредит алып беруге жәрдемдесу қажет. Бос әңгімеге, даңғаза шуға толы шарасымақтарға әбден тойдық. Қане, осыларды қолдап, жастарды жетектеп жүріп ұйымдастырып көріңдер.

Қали Хайдар,

Теңіз ауылдық округі.

Жарнама

rightbanner

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

big_banner