banerkzbig

Қыз алып қашқандар 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

(0 Votes)

Алматы облысында достарына қалыңдық алып қашамыз деп бастары дауға қалған төрт ауылдасқа қатысты сот шешімі шығып, олардың ұзақ мерзімге бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2019 жылдың мамыр айында болған. Сарқан ауданының 22 жастағы тұрғыны үйлену мақсатында өзінің ескі танысын алып қашуды жоспарлаған.

Алып қашу операциясына ауылдас достарын шақырған. Барлығы қалыңдықтың келісімімен іске асатынына сенімді достары оған қарсы бомааған.

Дегенмен, Сарқан қаласынан қалыңдықты алып қашу барысында қыз бен үйленуші жігіттің арасында ешқандай сөз байласудың жоқ екені белгілі болады. Шаңырақ көтеруге асыққан достары қалыңдығын жеткізіп беріп, өздері үйлеріне кетеді. Еркінен тыс әкелген қалыңдықты жергілікті учаскелік полиция инспекторы құтқарып, үйіне аман-есен жеткізген.

«Сарқан ауданының полициясына еркінен тыс адам ұрлау дерегі бойынша хабар түсті. Айтқан уәждерін тыңдамаған жігіттердің жібермейтінін түсінген қалыңдық амалын тауып, ішкі істер органдарына хабар береді. Зардап шегуші тарапынан полицияға арыз түсті. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес іс қозғалып, қылмыстың мән-жайы анықталды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жақында Сарқан ауданының соты «сүйіктісін» алып қашқан әрекеті сәтсіз шыққан 22 жастағы тұрғын мен оның заңсыз әрекетіне қолдау берген үш досы қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, жеті жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

inform.kz 

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig