Атырау облысы қызылша жұқтырудан еліміз бойынша төртінші орында тұр

(0 Votes)

Қазіргі уақытта еліміз бойынша Атырау облысы қызылша жұқтырғандар қатарында Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе облысынан кейінгі төртінші орында тұр, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы №2 облыстық инфекциялық ауруханасында өткен пресс-турда облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айкөркем Нұрғалиқызы баяндады.

“Қазан айынан бері еліміздің барлық өңірінде жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған науқас көбейген. Биыл респираторлық вирустармен қоса қызылшамен ауырған бала көп. Атырау облысында 2 наурыздан бастап 8 қаңтарға дейін қызылша ауруына күдікті жеті мыңға жуық жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде 2300-інде қызылша зертханалық жолмен дәлелденген”,- деді Айкөркем Нұрғалиқызы.

Айта кетейік, қызылша жұқтырғандардың басым көпшілігі 1-14 жасқа дейінгі балалар. Олардың 80 пайызы – қызылшаға қарсы екпе алмағандар.

Суретті түсірген Әнуар Әбілғазиев 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521