banerkzbig

Қатерлі ісік – дауасыз дерт емес

(0 Votes)

4 ақпан – Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жұртшылық назарын ғаламдық проблемаға аудару болатын. «Мен. Мен бармын» (I Am. And I Will) деген ұранмен өтетін биылғы іс-шаралар әрбірімізді обырға қарсы күреске үлес қосуға бағытталмақ.

Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр. Бүгінде обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін екінші орынға шықты. Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ретінде қабылдайтыны рас. Бірақ қазіргі заманғы медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік береді.

СТАТИСТИКА

2018 жылдың өзінде Қазақстанда 181 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Оның 34 мың 585-іне қауіпті диагноз тұңғыш рет қойылыпты. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр қатерлі ісіктен 14 406 қазақстандық көз жұмған. Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің мәліметіне сәйкес 2018 жылдың аяғында тіркеуде тұрған барлық обыр дертіне шалдыққандар саны – 3896 адамға жеткен, оның ішінде алғашқы анықталғандары – 896 адам. 2018 жыл ішінде қатерлі ісік ауруларынан облыс бойынша 405 адам көз жұмған. Бүгінгі күні Атырау облысында бірінші орында өкпе қатерлі ісігі тұр, оның 120 адамы алғаш анықталғандар.

ОБЫР – ҮКІМ ЕМЕС

Көпшіліктің обырды үкім ретінде қабылдайтыны жасырын емес. Бірақ күн сайын дамып жатқан медицина мен ғылым онкологиялық аурулардың басым бөлігін емдеуге мүмкіндік ашты. Мамандардың айтуынша, скринингтік зерттеулер жүргізу арқылы қатерлі ісіктің көптеген түрлерін ерте анықтауға болады. Мысалы, сүт безі обырын бастапқы кезеңде анықтаған жағдайда науқастардың 94 пайызын толық емдеп жазуға болады. Ал, емге кететін шығынды 200 есеге қысқартуға мүмкіндік туады.

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР МЕН СКРИНИНГТЕРДЕН ӨТІҢІЗ

Скрининг – шағын болса да ең қажетті деген тексерулерден тұратын зерттеулер кешені. Көпшіліктің тегін жасалатын осы тексерулерден өтпейтіні жасырын емес. Оның себебі – адамдар жаман хабар естуден қорқып дәрігерге қаралмайды. «Қазіргі уақытта әзірге тек онкологиялық аурулардың алдын алуға немесе дертті алғашқы кезеңдерінде ғана анықтауға болады. Қатерлі ісіктің пайда болуларының бастапқы кезеңдерінде алдын алу үшін профилактикалық тексерулер мен скринингтер, сонымен бірге емханаларда уақытылы қаралулар өткізу қажет, себебі олар тұрғындардың белгілі бір категориялары үшін тегін жүргізіледі» – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директоры Байтолла Ғазизов.

Тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінің шеңберінде төмендегідей тегін скрининг түрлерінен өтуге болады:

– 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обыры қаупі жоғары топқа жатады. Сондықтан олар маммографиялық тексеруден тегін өтеді;

– 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр мойны қатерлі ісігіне тегін тексеріледі;

– 50 мен 70 жас аралығындағы ерлер де, әйелдер де тоқ ішек пен тік ішек обырына тегін тексеріледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig