Өз-өзіне қол жұмсау – тығырықтан шығар жол емес

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Bilim Foundation» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен суицидті болдырмау және оның алдын алу мақсатында жиналыс өтті.

Оған мектеп директорлары мен психологтар қатысты. Қордың басқарушы директоры Берік Ұзақбайұлы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес суицидке қарсы күрес жұмыстарымен таныстырды. Ол өз сөзінде елімізде ересек адамдармен бірге жасөспірімдердің де өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары белең алып тұрғанын жасырмады. Бұл жаға ұстатарлық жағдайға апарушы бірнеше факторларға тоқталды. Айтуынша, үлкендер тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеу, достарымен түсініспеушілік, ұстаздардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, психологиялық-медициналық көмектің жиі көрсетілмеуі, оқушымен жүргізілген сауалнаманың жөнді тексерілмеуі және әлеуметтік желіге әуесқойлық келеңсіз жайттың орын алуына себепші болуда. Әке-шешенің ішімдікке, темекіге үйір болуы, ұрыс-жанжалы, ажырасуы т.б түйткілді мәселелер баланың ой-санасына үлкен соққы береді. Оны өзгелермен салыстырып, төмендетіп сөйлеу оның өскен ортасына деген ызасын туғызып, жігерін азайтады. Әсіресе көктем, күз мезгілдерінде адам психологиясына табиғаттың да өзіндік әсері болғандықтан жасөспірімдерге назарды мейлінше бөлу маңызды.

img_9924

«Бала – ата-ананың айнасы» іспетті, үлкендер әрбір ісіне немқұрайлы қарамағаны дұрыс. Отбасылық құндылықтың сақталмауынанөмірде кездескен түрлі мысалдарды жіктеп, жас жеткіншектің толыққанды азамат боп жетілу үрдісінде ата-анасы мен ата-әжесінің де өсиет-өнегесінің атқарар рөлі зор екені айқындалды.

img_9943

Сонымен қатар қазіргі таңдағы балаға берілер білім деңгейі, салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану ережесі де кеңінен талқыланды. АҚШ-тың үздік психолог-мамандарының қазақ тіліне аударылған кітаптарын аудан мектептері басшыларына тегін үлестіріп, сол арқылы тренинг сабақтар жүргізу міндеттелді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған «Қайғыны жеңген бала», «Қателеспейтін адам жоқ», «Әлсізді қорға», «Эмоция», «Өзіңді түсін», т.б оқу құралдары күйзелістен арылтып, жарқын болашаққа жол бастауға көмектеседі. Баланың намысын қайрап, қылмыстық істерге қадам басуын тежейтін, қуанышты сәттерінің молаюына ықпал ететін психологтың арнайы жасақталған кабинеті болуы шарт. Бұл қандай қиын жағдайда да жасөспірімнің санасын сәулелендіретін маманнан қате түсінікпен ат-тонын ала қашпауына септігін тигізеді. «Суицид – ғасырдерті,онымен күресу баршамыздың міндетіміз»,-деп Берік Ұзақбайұлы сөзін қорытындылай келе, осы тұрғыда іс-шараларды жүргізуде белсенділік танытып жүрген Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің директоры Гүлжанат Қалиеваға алғыс хат табыстады.

img_9962

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас суицидологы Ақмарал Мақсатқызы жастардың медициналық тексеру жүйесіне тіркелу тиімділігін бір пысықтап алды. Облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатры Нұргүл Сұлтанова, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға тұшымды жауап айтты.

img_9966

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гулфара Өтемісқызы тақырып аясында толықәрі түсінікті ақпарат берген Берік Ұзақбайұлы бастаған арнайы делегацияға зор алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521