«Taza Qazagstan»

(0 Votes)

Республикалық экологиялық акцияға аудан бойынша 26 жалпы орта, 4 негізгі және 3 бастауыш мектептен 10325 оқушы қатысып, білім ошақтарының алаңдарына 660 тал алынып егілді.

Мақсаты – оқушылардың бойына экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялай білу. Акцияның жоспарына сәйкес «Жер-ана», «Табиғат және біз» тақырыбында сынып сағаттары, ««Жердің температурасы бар», «Табиғатқа тіл бітсе», «Мұхиттар қауіпті жағдайда», «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» атты танымдық-дамытушылық сабақтары өтті.

bilim1

«Taza Qazagstan» экологиялық акциясы туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың ашық пікірлері тыңдалды.

bilim2

Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте ұйымдастырылған акцияға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының маманы Мереке Шалқаров және Құрманғазы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Әлібек Сатылғанов, бас маман Серік Ахметов, жергілікті жердің әкімдері мен балық қорғау инспекциясының қызметкерлері, ардагер ұстаздар қатысып, тал егу шарасына белсене араласты.

bilim3

bilim4

Е.Баяров,

білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521