Облыс әкімі «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

(0 Votes)

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов «Алтын белгі» иегерлерін қабылдап, оларды марапаттарымен құттықтады.

- Бүгін біздің аялап өсірген ұл-қыздарымыз өзінің өмір жолындағы ең басты қадамын басқалы отыр. Бұл шараға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған оқушылар қатысып отыр. Қазіргі түлектеріміз - ертеңгі тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы. «Мен жастарға сенемін» демекші, біріңіз атақты ғалым, біріңіз мемлекетімізге абыройлы қызмет ететін қоғам қайраткері болуыңызға тілекшімін. Еліміздің көк байрағын көкте желбірете беріңіздер! Қымбатты ата-аналар! Бұл көптен күткен сәт. Бала өсірген соң, оған сапалы білім беру басты мақсатымыз болды. Ақ сүтіңіз ақталып, ұл-қыздарыңыз абырой биігінен көрініп отыр. Сіздердің бұл еңбегіңізге алғысым шексіз! Сонымен қатар, бала жанының бағбаны болған ұстаздардың еңбегі өлшеусіз. Атыңызды оздырып, елінің намысын қорғар шәкірттеріңіз көп болсын! - деді С.Шәпкенов.

Жиында Серік Шәпкенов 159 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін тағып, облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Айтып кету керек, облыс әкімінің дәстүрлі «Алтын белгі» иелерін қабылдау дәстүрі пандемиядан кейін алғаш рет ұйымдастырылып отыр.
Анықтама үшін: 2022-2023 оқу жылында облыстың 211 білім беру мекемесінде 11 сыныпты 6 081 оқушы аяқтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521