banerkzbig

Нұр-Сұлтаннан жеңіспен оралды

(0 Votes)

Жақында еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында«Дарын» республикалық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш мектепте математикадан олимпиада есептерін шешу жолдары мен тәсілдері» атты ұстаздарға арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары өтті.

Мақсаты – жаңартылған білім мазмұнына сәйкес педагог тәжірибесін, білімін жетілдіру, логикалық есептерді шығару әдісін үйрету.

Екі күнге созылған семинар барысында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Ырысбек еліміздің түкпір-түкпірінен келген ең үздік 134 бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап дәріс оқыды.Соңындареспубликалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа облысымыздың атынан әріптесіміз Панфилов атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Құралай Лұқпанова қатысты. Бар жиған терген білімін ортаға салған білікті ұстаз бастауыш сынып оқулықтарының авторларымен бірге додаға түсіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Ауданымыздың мерейін асқақтатқан әріптесіміздің жеңісі біз сияқты жас мамандарға үлгі-өнеге болмақ.

Айбек Өтепов,

Панфилов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі меңгерушісі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig