Әкім грантына құжат қабылдаудың уақыты белгілі болды

(0 Votes)

Биыл атыраулық түлектер медицина, ауылшаруашылығы, педагогика, дінтанушы, теолог, исламтанушы мамандықтары бойынша облыс әкімінің грантына ие бола алады.

Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова хабарлады.

– Өңірдегі кадр тапшылығына байланысты тиісті басқармалардан сұраныстар алынды. Әкім грантына қабылданатын құжаттар тізімі мемлекеттік гранттардың тізімімен бірдей. Кәмелет жасқа толған болса түлектердің өздері, толмаған жағдайда ата-анасы өтініш бере алады. Әкім грантына биылғы және бұрынғы жылы мектеп бітірген, колледж түлектері үміткер болады. Құжат қабылдау тамыз айында басталады, – деді Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетейік, құжат қабылдау кезінде түлектердің мамыр-маусым айындағы ҰБТ қорытындысы, әлеуметтік санаты, республикалық, халықаралық байқаулардан алған жүлделері де ескеріледі.

Өткен жылы Атырау облысы әкімінің 107 гранты бөлінген болатын.

Нұргүл Насыр

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521