banerkzbig

Кезекті аттестаттаудан өтті

(0 Votes)

Білім беру ұйымдары басшыларының атақаратын лауазымының аясында кәсіби және біліктілік дайындығы деңгейін бағалау мақсатымен ҚР «Білім туралы» заңының 44 бабына сәйкес 4 мектеп директорына, 3 балабақша меңгерушісіне, 3 қосымша білім мекемесі басшыларына аудандық білім бөлімінде кезекті аттестаттау жүргізілді.

Білім беру үйымдары басшылары білім сапасын арттыру, жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу жұмыстарының нәтижелері, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, әңгімелесу кезеңінен өтті.

Крупская атындағы және Қиғаш жалпы орта мектебінің директорлары Ш.Исатаева, С.Қапуова, Нұрпейісова атындағы өнер мектебінің, Жас туристер мекемесінің басшылары М.Боханова, А.Утегенов соңғы үш жылдағы білім беру ұйымдарындағы нәтижелі жұмыстарды атады. Қойылған сұрақтарға толық жауап бере отырып, кәсіби құзіреттіліктерін, білікті басқау шеберліктерін көрсете білді. Аудандық білім бөлімі басшысы Г.Құбаева аттестаттаудан өтушілерге білім беру сапасын арттыру, Азғыр өңіріндегі мектептері оқушыларын қосымша біліммен қамту бағытында музыка мектебінің, Жас туристер бекетінің филиал топтарын ашуға тапсырмалар берді.

Е.БАЯРОВ,

аудандық білім бөлімі сектор меңгерушісі

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21