Ауданда 26 орта, 4 негізгі, 3 бастауыш, 1 сырттай оқыту мектебі, 22 бала бақша және 5 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды.
Үш ауысымды оқитын мектептер жоқ. Білім саласының материалдық-техникалық базасын жақсартуға 159,8 млн теңге бөлінді. Балаларды балабақшамен қамтудада өсім бар, 1-6 жастағы балалардықамту 57,2 пайызды, 3-6 жастағы балаларды қамту 100 пайызды құрады.
Биылғы жылы 3 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Оған (Манаев атындағы жалпы орта мектебіне 62,011 млн теңге, Нұржау жалпы орта мектебіне 35,335 млн теңге, Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне 175,754 млн теңге) 273,1 млн теңге бөлінді.