banerkzbig

Балабақшада сәтті өткен семинар

(0 Votes)

«Өркен» бөбекжай балабақшасында «ТРИЗ технологиясы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әлеуеті мен коммуникативтік қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбымен мектепке дейінгі ұйымдардың аудандық семинары ұйымдастырылды.

Мақсаты – бөбектердің шығармашылық әлеуеті мен коммуникативтік қабілеттерін дамытуда балабақша педагогтарының ТРИЗ технологиясын қолдануға қызығушылықтарын көрсету. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Н.Қанатова ашып, оның маңыздылығын түсіндірді.

rken

Балабақша меңгерушісі Г.Койшығұлова келген қонақтарға қош келдіңін айтты. Теориялық бөлімде балабақша әдіскері Л.Ғабдуллина тақырыпқа сай презентациясын ұсынып, әдістемелік кеңесін ұсынды. Балабақша тәрбиешілері Р.Нұрышева мен А.Байгуренова ТРИЗ технологиясының элементтерін педагогикалық жобалау әрекетінде қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Табиғат аясына, мұражайға, наубайханаға, ауылымыздың көрікті жерлеріне саяхат жасай отырып, балаларға туған жер табиғатының ерекшеліктері, ауылымыздың жан-жануары мен құстары, өсімдіктері, адамдардың күзгі еңбектері жөнінде кеңінен мәлімет берді.

rken3

Келесі кезекте ата-ана А.Көпебаева өзінің ұлымен «Күзгі бояулар» тақырыбында шығармашылық жұмыстарын қорғады. Туған ауылының көрікті жерлерін аралап, оның нәтижесінде табиғи материалдардан қолөнер туындыларын дайындап қорғады. Тәрбиеші Г.Садыкова ТРИЗ технологиясының «Луллия дөңгелектері» мен «Жүйелі оператор» әдістерін қолдана отырып, балаларды үй жануарларымен таныстырды. Балабақша қызметкері С.Өтеғалиева бүлдіршіндерді ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге шақырып, асық терапиясын ұсынды.

rken1

Семинарға қатысушылар балғындардың ритмикалық қимылдарды орындау шеберліктеріне тәнті болып, жылдамдыққа, үйлесімді қимыл жасауға баулыған жас маман Ш.Мұғалімоваға ризашылықтарын білдірді. Тәрбиеші Р.Нұрышева «Сиқырлы шаршы» атты оқу қызметінде Воскобович ойындарын қолдану тәжірибесін көрсетті. Ол бөбектің ой-қиялын, тез шешім қабылдау қабілетін арттырады, ұсақ моториканы дамытады. ТРИЗ технологиясының элементтеріне негізделген дидактикалық-көрнекі материалдар, ата-аналармен бірлесе дайындалған шығармашылық жұмыстар көрмесін психолог С.Сисенғалиева таныстырды.

rken4

Семинарды әдіскер Л.Ғабдуллина рефлексия әдісімен қорытындылады.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig