banerkzbig

«Қазақстан болашағы» кітабына енген қыз

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанда «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасы әзірленеді.

Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке «Дарынды баланың қабілетін дамытудың» жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек»,- деген болатын. Сонымен бірге, Президент оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуді ұсынды.

Мақтан тұтуға болатын дарынды балалар қасиетті Құрманғазы топырағынан да табылады. Солардың бірі Аружан Аманкелді 2009 жылы 19 ақпанда дүниеге келген, Жаңаталап ауылдық округінің Хиуаз ауылында тұрады. Ы.Алтынсарин орта мектебінің 4 сынып оқушысы. Бала кезінен шығармашылыққа бейім қыз болашақта дәрігер болуды армандайды. Әкесі Қуанышбек Тасимов «COC REALTY» компаниясының филиалында жолаушыларды тасымалдайтын жүргізуші. Анасы Айгерім Тасимова «Нұрбөбек» балабақшасында әдіскер, саз жетекшісі. Нұржігіт, Асылтегі атты інілері және Аянат атты сіңлісі бар.

Аружан еліміздің «Қазақстан болашағы» атты дарынды балалар жинағына еніп отыр. Жинақ 2019 жылы Қызылорда қаласындағы «Orda.kz» баспахана үйі» ЖШС жанынан шыққан. Бұл шығарылымға 140-қа жуық жас дарын еніпті. Солардың қатарынан Аружанның орын алуы ауданымыздың білім саласы үшін де мерей деп білеміз. Бұған оқушының әр жылдардағы жетістіктері себеп болған. 2015 жылы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық Қазақ шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Жұлдызды талант-Звездный талант» V балалар мен оқушылар фестивалінде «Хореография» жанры (соло) бойынша үздік өнер көрсетіп, бас жүлде алды. Алматы қаласында өткен осы жарысқа белсене атсалысқаны және отбасындағы үлгілі тәрбиесі үшін бірлестік басшысы әкесі Қ.Тасимовке алғыс білдіріп, хат жолдаған. Бас жүлдеге қол жеткізгені үшін Жаңаталап ауылдық округінің әкімі де Аружанды алғыс хатпен ұлығалады.

Сонымен қатар «Art Rainbow» халықаралық өнер бірлестігі өткізген «Ақ сұңқар» халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-конкурсында «Хореография» (соло) аталымында І дәрежелі диплом еншіліп, лауреат атағына ие болды. 2015 жылы «Сырлы биім – елге сыйым!» атты сайыста жеке би бойынша үздік өнер көрсетіп тағы да бас жүлдені қанжығасына байлады. 2016 жылы «Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл» толу кешіне орай ақынның өлеңдеріне жазылған әндерді орындаудан және өлеңдерді оқудан аудандық «Жалынды жүрек» атты ән-би байқауында «Хореография» жанры бойынша І орынға лайық деп танылды.

Интеллектуалдық тұрғыдан да белсенді Аружан 2017-2018 жылдары Астана қаласында бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған олимпиадада І дәрежелі дипломды еншіледі. Бастауыш сынып оқушылары арасындағы математика олимпиадасында үздік деп танылды. 2018 жылы Атырау облыстық І «BILGEN OYSANA» интеллектуалдық бағыттағы олимпиадасының іріктеу кезеңінде үздік нәтижеге жеткені үшін келесі кезеңге жолдама алғанын растайтын сертификат иегері атанып, дипломмен марапатталды. «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жоғары көрсеткіштерге ие болды. «SERPIN» білім және инновация ұлттық палатасы, халықаралық «BILGE» ақыл-ой дамыту орталығы, «BILGEN» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығы, ұлттық «BILGEN» зияткерлік олимпиадалары аясында ұйымдастырылған ІІ республикалық олимпиадада сертификатқа қол жеткізді. IV Республикалық «Жадыра, жас дарын!» фестиваль-конкурсының кіші топ хореография аталымы бойынша дипломанты. «Ақ бота» интеллектуалдық марафонының қатысушысы.

Дарынды оқушы сабақтан тыс кездерде ән айтып, би билегенді, математикадан есеп шығарғанды, домбыра тартқанды, өлең жазғанды, фортепианода ойнағанды ұнатады. Бүгінде осындай жетістіктерімен дараланған Аружан Аманкелдінің болашағы жарқын боларына сенімдіміз. Ауданымыздың абыройын асқақтатар осындай ұл-қыздарымыздың қатары көбейе берсін!

Қанат ҒҰМАРОВ

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig