«Қазақстан балалары шексіз әлемде»

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық оқушылар үйінің жоспарына сай,14 ақпан күні «Қазақстан балалары шексіз әлемде»балалар кино шығармашылығының аудандық фестивалі өтті.

Фестиваль мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру,дарынды жастарды анықтау және қолдау арқылы оқушының тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру. Фестивальдің міндеті:өскелең ұрпаққа қызықты болатын мәселелерді анықтау, сюжеттік репортаждар жасау, өнегелі отбасылық құндылықтарды экран арқылы насихаттау. Жастардың рухани мәдениетін қалыптастыруға бағытталған байқауда «Деректі (ойынды емес) кино», «Ойынды кино», «STOP-MOTION-видео», «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик», «Анимация», «Видео-арт», «Музыкалық фильм» номинациялары қарастырылды.

ydyrshavea-lom1

Аудандық мектептерден қатысқан әр дарын өз кинотуындыларын ұсынды.М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мектебінің абыройын асқақтатты.

«Деректі кино» номинациясы /Жанымда жүр жақсы адам/ Өмірзақ Темірлан 10-сынып оқушысы III орын.

«Ойынды кино» /Я выбираю жизнь/Зинетов Олжас ІІ орын,

«STOP-MOTION-видео»/Осторожно на дороге!/ Гильман Нурлыбек IIІ орын 7-сынып оқушысы.

«Әлеуметтік ролик»/Экология начинается с нас/ Ажгалиева Альфия 10-сынып оқушысы І орын.

«Анимация»/Бешбармак-любимое казахское блюдо/номинациясы бойынша Макпузова Алина І орын.

«Музыкалық фильм»/Отаным/, «Үздік операторлық жұмыс» Кадырова Айкерім І орын.

Кинохроника«Пожарная эпидемия» Ерболат Дильнар І орын.

Делегация жетекшісі тәлімгер Гапуова Акбота Жеңісқызы. Фестивальдің жеңімпаздары білім бөлімінің дипломдарымен марапатталып, оның ішінде І орын иеленгендер Атырау қаласында өтетін облыстық кезеңге жолдама алды.   

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521