Ауданымызда алғаш рет «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбы ашылды

(0 Votes)

Гагарин атындағы жалпы орта мектепте «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.

Әскери формадағы сымдай тартылған жас сарбаздар салтанатты сапқа тұрған соң мемлекеттік Гимніміз орындалды. Мектеп директоры Жамал Хасанова өзінің алғысөзінде: - Аудан бойынша «Жас сарбаз» әскери қозғалысының алғашқы қарлығаштары ретінде оқушыларымыздың таңдалуы - біз үшін үлкен мәртебе. Сыныптың құрылуына ұстаздардың, ата-ананың қолдауы үлкен септігін тигізді. Оқушылардың білім-ғылымға деген ынтасы артып, бойларына ерекше намыс-жігер құйылып, елге деген сүйіспеншілік сезімдері күшейгендей. Алға қарай да осы қалыптарынан танбай, бірлесіп жұмыстану нәтижесінде талай асуларды бағындыратындарына сенімім мол,-деді.

img_8859

img_8865

img_8823

Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары Нартай Оразжанов пен Жасұлан Ғалымжанов әр жас сарбаздан «ҚР-на адал қызмет етемін!» ұранымен ант қабылдады. Жасөспірімдерге қозғалыс сыныбының тәрбиеленушісі екендігін растайтын куәлікті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Ернар Мұханбетқалиев, Ауған соғысының ардагері Тұрғанбай Шаққалиұлы табыстады. Аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Еділ Баяров пен №2016 шекара бөлімінің басшысы Эрий Ғафаров оқушыларды бүгінгі рәсіммен құттықтап, алдағы күндеріне сәттілік тіледі.

img_8879

img_8884

Шараның екінші бөлімінде сыныптың оқу-жаттығулары мен өнерлері тамашаланды. Ағылшын тілінде пәрмендер, әскери дефиле орындалып, Дильназ Өтепқалиқызы «Атамекен» патриоттық әнін әуелетті. Қос жас сарбаз АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинау үлгісін көрсетті. Робототехника үйірмесінің жұмыстары таныстырылып, оқушылар дөңгелене «Кадет» вальсін билеп, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныбының гимні шырқалды.

i

i

 

 

Еркеназ ҚАЛИЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521