banerkzbig

Ата-ана мектеппен тығыз байланыста

(0 Votes)

Абай атындағы жалпы орта мектепте «Білім саласын цифрландыру – дамудың озық үлгісі» тақырыбында ата-аналар конференциясы ұйымдастырылды.

Оның аясында «Үйірменің үйретері көп» айдарымен конференцияға келген ата-аналарға оқушылардың үйірме жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Ата-аналар жас өрендердің қолөнер бағытындағы шығармашылығымен танысса, дойбы және шахмат үйірмесінің қатысушылары тартысты ойын өрнегін көрсетті.

abaj1

abaj2

Заман талабына сай мектепте жаңадан қолға алынған робототехника үйірмесінің білім алушылары жаңа техниканы қалай меңгергендіктері туралы ой бөліссе, кітапханадағы коворкинг орталығының жұмысы да көпшілікке таныстырылды. «Өнерлінің өрісі кең» атты музыка пәнінің мұғалімі М.Бахышовтың жетекшілігімен оқушылардың шағын концерті ұйымдастырылды.

abaj3

Үштілділікке баулуда қуыршақ және ағылшын үйірмелерінің балғындары ертегілерден көрініс қойды.Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту мақсатында құрылған сурет үйірмесінің қатысушылары өздерінің әдемі туындыларын көпшілікке таныстырды.

abaj4

abaj5

Конференцияда ата-аналар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Тұрланұлы күн тәртібіндегі мәселелерден хабардар етті. Мектеп мұғалімдері оқытудың жаңа бағдарламасына сай «Күнделік кз», электрондық оқулықтарды онлайн режимде қолдану туралы тың ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, оқушылардың ішкі тәртіп ережесін, қауіпсіздік шараларын, мектеп формасын қатаң сақтау, үйде смартфон мен ғаламторды тиімді пайдалану қажеттігі ескертілді. Мектеп директоры Тілекші Медеуғалиева конференцияны қорытындылап, ата-аналарды мектеппен белсенді жұмыс жасауға шақырды.

abaj6

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig