Айсәнім Ташкентке, Равил Алматыға жолдама алды

(0 Votes)

Әр шәкіртінің жетістігіне қуанатын ұстаздар қауымы жақсы жаңалықты естігенде төбеміз көке жеткендей қуандық.

Аудан орталығында дүбірлеген әр түрлі өнер жүйріктерінің бақ сынаған Республикалық «Дала сазы » конкурсына Сүйіндік жалпы орта мектебінен 11 сынып оқушылары « Көркем сөз» номинациясы бойынша Орденов Равил Қобыланұлы «Бас жүлде» иеленіп Алматы қаласында өтетін «Бақытты елдің ұрпағы » халықаралық сайысына жолдама алса, «Вокал» номинациясы бойынша Нұрымова Айсәнім Гибадатқызы жүлделі «І орын» иеленіп Ташкент қаласында өтетін «Бақытты елдің ұрпағы » халықаралық сайысына жолдама алып мектеп мақтанышына айналды.

С.Нұрмұханбетова,

Сүйіндік жалпы орта мектебінің тәрбие ісінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521