Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
ЖОЛ жүру ережесі заңды тәртіп-
Ол ортақ үлкен-кіші,баршамызға!
«Абайлаңыз – балалар!»
Осындай атаумен М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде жаңа оқу жылы қарсаңында жедел-профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспары құрылып, жоспарға сай жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Исаев Талғат, полиция майоры Габдулов Аршат, жол патрульдік полициясы Садыхов Нұрсұлтан ағаларымен кездесулер өткізілді.
Операцияның мақсаты – балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Іс-шара жоспарына сай сынып жетекшілері танымдық сағаттарын,кездесулер өткізіп, жадынамалар таратты.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында өткізіліп отырған тақырыптық іс-шаралары, мақал-мәтелдер жарысы: «Знаки на дорогах,нам в пути помогут!», «Знайка ПДД» «Безопасность детей на улице» «Дорожная азбука»,«Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» және «Сіздің жолаушыңыз – бала!» атты профилактикалық акциясы өткізілді.
Жыл бойына «Демалыс уақытында көшеде жол ережесін қадағалау» тақырыбымен түсіндіру сағаттары өткізіледі. Жол белгілері туралы өлеңдер оқып,жолжиектің не үшін қажет екеніндігі туралы ақпарат берілді.
Жалпы шара барысында оқушыларымыз жол ережесін қатаң сақтау арқылы адам өмірінің маңызын ұғынып,жол көлік оқиғасының алдын алудың маңызын түсінді.
Қ.С.Қыдыршаева,
мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары