2023-2024 оқу жылы: Атыраулық түлектерге 1500 грант бөлінді

(0 Votes)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде 2023-2024 оқу жылына арналған жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға құжаттар тапсыру туралы: 

– Қабылдау уақыты: 2023 жылғы 13-20 шілде аралығы;

– Құжат тапсыру «Электрондық үкімет» порталы және жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы өтеді;

– Конкурсқа ҰБТ-дан және жалпы конкурс нәтижелері бойынша шекті балл жинаған үміткерлер қатыса алады;

Шалғай өңірдегі талапкерлерге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс жасайды; (виртуалды кеңесші бейнебайланыс арқылы кеңес береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі).

Жоғары оқу орындарының Виртуалды қабылдау комиссияларының тізімі мына сілтеме бойынша қолжетімді:

http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/

2023 – 2024 оқу жылына арналған жетекші жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде

Атырау облысына

1500 грант бөлінді. Оның ішінде: Педагогика ғылымдары – 283;

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика – 49;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 561;

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары – 607;

Гранттар тізімін мына сілтеме бойынша алуға болады:

http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/vazhnaya-informatsiya-dlya-uchastiya-v-konkurse-prisuzhdeniya-obrazovatelnogo-granta-2023-goda-/spisok-obrazovatelnykh-grantov-bakalavriat/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521