ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ҮЗДІК АТАНДЫ!

(0 Votes)

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Серпер» газеті ұжымы тағы бір қуанышқа кенелді.

Құрманғазы ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бойынша газет беттеушіміз Гүлдана Бралиева «Үздік ақпарат саласының қызметкері -2019» номинациясымен ұлығыланды.

Гүлдана Серікбайқызы 2004 жылдан бері аудандық басылымда жұмыс жасап келеді. Газетіміздің сапалы, тартымды шығуында оның да үлесі мол. Бір отбасын ұстап отырған асыл жар, аяулы ана болуымен қатар «Серпердің» де ыстығы мен суығына төзіп, қажет кезде ерте келіп, кеш кетіп, ерінбей еңбек етуде. Тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды. Бір нәрсені «үлгермедім», деп ертеңге қалдыру Гүлданада жоқ, сол бойда бітіреді. Ұжым арасында беделі мол, қабағы ашық жүреді. Кімге де қолынан келген көмегін көрсетуге әзір.

Марапатыңмен құттықтаймыз Гүлдана! Отбасың аман, денің сау, қуанышың көп болып, еңбегінің жемісін алдағы жылдарда да тата бер! Бақыт пен сәттілік ажырамас досыңа айналсын! Қуанышың жалғасын тапсын!

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521