banerkzbig

Желіп тұрған сен елудің елігі

(0 Votes)

Елге белгілі азамат, «елім» деген ер, сұлу жүрек, көркем мінез иесі, өз кәсібінің сұңғыла сүлейі, құбыланың желіндей қырық құбылмайтын үлкен парасат иесі Жандос Мінафихұлы Бектеміров інімнің 50 жасына арналады.

Қай кезде де жоғалтпадың ұятты,

Жанарыңнан нұрлы жарқыл жиі ақты.

Адамдығың Алатаудай биікте,

Ал біреулер шыбыш ешкі сияқты.

Сені көріп жүрегіме күн ілем,

Сирек пенде тап өзіңсің міні кем.

Бұл өмірде сенің барың бір бақыт,

Әлдеқандай болғандардан түңілем.

Өзің Жәке, ит еместің қалауы,

Жақсылардың жанға біткен жалауы.

Шүкір Алла баршамызға жетіп жүр,

Жалындаған жүрегіңнің алауы.

Сен Азамат, азаматтан бар досы,

Есіміңді айту парыз ән қосып.

Талдырғанмен арулардың көз нұрын,

Құлай сүйген Тамашаның Жандосы.

Тірлік құрап өстің жастай қиыннан,

Іскен кеуде жоқ алдыңда сыйынған,

Талайларды таң қалдыра бергейсің,

Цифрларды ағызумен миыңнан.

Зор қуаныш бұл елуге келгенің,

Қой соярдай түріп жатыр ел жеңін.

Жайық бастан лүп-лүп самал аймалап,

Жандосым деп сүйіншілер жел жеңіл.

Жер ортасы біреулерге ағасың,

Бүкіл елге жақсаң өзің, жағасың.

Желіп тұрған сен елудің елігі,

Мықтап бекіт тұлпарыңның тағасын.

Қыран жігіт қияларға бет түздің,

Жасқаншақтап тарта берме көп тізгін.

Ешкімнің де ештеңесін жемей ақ,

Жұлдыздарға ұл-қызыңды жеткіздің.

Өмір деген өзіңменен мәнді осы,

Есіміңе айтқым келер ән қосып.

Тамашаңмен таң қалардай ғұмыр кеш,

Құрманғазы ауданының Жандосы!

Таңатар Дәрелұлы,

ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі

5.ХІІ.2019 ж

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig