Жастар егінге жұмысқа келмейді

(0 Votes)

«Ұзағалиева Күләнда» ШҚ басшысы Уазих Дәулетов: – Шарапи ауылына дейінгі 1 шақырым 400 метр жер қараңғы.

Балалар сабақтан қайтқанда учаскелік полиция инспекторы осы араны бір шолып шыққаны жөн. Ауыз сумен қамтуды жолға қою үшін Қиғаш-Маңғышылақ құбырына қосылу әңгіме болған еді, соны іске асырған дұрыс. Қазір жастарды жұмысқа тарту қиын. Көктемгі егін жұмыстарына 100 мың теңге жалақыға ешкім келмейді. Көбі еріншек болып кеткен, - дей келе округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Ауыл тұрғындарынан зейнеткерлер Абдолла Күзембаев, Саламат Бурханов мәдениет үйін салу, көшелерді жарықтандыру, Өтепберген Әміров ауылдық медпункті дәрімен қамту, мал дәрігері Талапқали Шияпов мал қорымының аузы тарлығын, өздері отырған орында вакциналарды қалыпты температурада сақтау қиынға түсіп отырғанын жеткізді. Дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты аудандық орталық аурухананың емхана меңгерушісі Жарқын Әбілхайыров, субсидия жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Марат Хасанов жауап қайтарды.

img_9390

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы алдағы жасалатын жұмыстармен таныстырған соң: – Мал дәрігерлері отыратын орындардың жобасы жасалуда, болашақта сол типте салынады. Егін өсіріп отырған шаруагерлерге айтарым негізінен жылыжай салумен айналысуымыз қажет. Ақылдасып, бірлесіп осыны қолға алайық. Алға қарай Байда ауылынан логистикалық орталық ашпақпыз. Осында өзіміз өндірген және іргелес елден тасылатын егін өнімдерін жинаймыз. Бұл өткізу жұмыстарын жолға қояды, - деді.

img_9373

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521