banerkzbig

Жалақыларын бермеген, зейнетақы жарнасын аудармаған

(0 Votes)

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы бірлесіп, қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Оған аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының, аудандық жұмыспен қамту орталығының директорлары Ұлыбек Өтегенов, Базарбай Өтеулиев, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Насипов қатысты. Қоғамдық қабылдауды партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев ашты.

Алдымен Ақкөл ауылында 290 орындық балабақша құрылысымен айналысып жатқан «Автоматика сервис» ЖШС-де күзетші болып қызмет атқарған бір топ жігіттің шағымдары тыңдалды. Олардың атынан сөйлеген Қанағат Әдебиетовтің айтуынша жалақылары уақытында берілмейді, зейнетақы жарнасы мезгілінде аударылмайды. Жұмыстан шыққанда 30 мың теңгеден төлеген. Зейнетақы жарнасы аударылмауы себепті енді оларға атаулы әлеуметтік көмек те тиіспей отыр. Қасына ілесіп келген жігіттер оның сөзін мақұлдады. Қабылдауға келгенде бәрі де зейнетақы орталығынан жарна көшірмесін, серіктестікпен жасалған келісімшарттарын өздерімен бірге әкеліпті. Сонымен қатар бұл мәселемен айналысу үшін орталарынан бір адамды Атырау қаласына жіберген.

img_3345

Аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ақтілек Хамитова: – Қандай мекеме де жұмысқа алғаннан кейін зейнетақы аударымдары мен жалақысын уақытында беруі және ол ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс. Бұлай істемеген жағдайда облыстық еңбек қорғау инспекциясына, облыстық прокуратураға, басқа да құзырлы органдарға шығу біздің міндетіміз. Алдымызға арызданып келген адамның шағымын аяқсыз қалдырмаймыз, - деді. Аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Насипов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Гүлжайнар Салауатова және басқа да қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салды.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев: – Біз сіздердің шағымдарыңыз жөнінде серіктестік басшысымен, одан жоғары тұрғандармен сөйлесеміз. Облыстық еңбек қорғау инспекциясына береміз. Ол жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы дау-даумайды шешу үшін құрылған. Одан шешімін таппаса облыстық партия филиалына, прокуратураға шығамыз. Жан-жақты тексерілуін сұраймыз. Өздеріңізге мәлім Қордайда орын алған жағдайлар осындай әлеуметтік шиеленістерді дер кезінде шешпеуден туындады. Күні кеше ғана партиямыздың төрағасы Елбасымыз бен Президентіміз мұндайға жол бермеуді тапсырды. Жаңа бізге айтқандарыңыздың бәрін түгелдей қағазға түсіріп, арыз жазып, куәліктеріңіздің көшірмесін беріп кетіңіздер, - деп Атырауға өздері барса анда-мұнда жұмсап әуре-сарсаңға салып қоятындар табылуы мүмкін екенін ескертті.

Еңбекші ауылынан келген жалғыз басты ана Айнагүл Үмбеталиева 2013 жылы туған қызына мүгедектік тағайындауға қол ұшын беруді сұрады. Дәрігерлер бір құлағы еститіндіктен балаға ондай көмек болмайтынын жеткізген. Бұл жөнінде біраз жерге барғанымен еш нәтиже шықпаған, бәрінің айтатыны осы. Қоғамдық келісім мүшелері өзара ақылдасқаннан кейін бұл жөнінде денсаулық саласының аудандық, облыстық басшыларымен сөйлесіп, не себепті мүгедектік тағайындалмай отырғанын анықтап, оны шешу жолдарын қарастыруға жұмыстанатындарын қаперге берді.

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig