Жақсылықтан үміт үзбейік!

(0 Votes)

Аты жаман аурудың дүние жүзіне таралуына орай біздің қоғамда да дүрлігу болып жатыр.

Негізсіз үрейге бой алдырған жұрт дүкендердегі азық-түліктерді таласа-тармаса сатып алуда. Сұраныс артқан сайын нарықтың талабына сәйкес кейбір азық-түлік тауарларының бағасы қымбаттады. Бұл дүрлігу қашанға дейін созылады деген ойда қаласың. Кімді кінәлайтыныңды да білмейсің. Азық-түлік таусылады деп алаңдасаң, әрі кеткенде 7 күнге жетерлік азық сатып ал. Сенен көрген басқалар да солай жасайтыны анық. Әйтпесе, үрей туғызу жалғаса береді. Кез келген мемлекет халқын қиын жағдайға қалдырмайды. Сондықтан жасанды тапшылық жасаудың қажеті жоқ.

Қазіргі уақыт «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, ел билігіне бағынып, сабырлылық танытатын кез. Сондықтан, сыртқа шықпау керек десе, шықпайық. Айтқанды тыңдап үйде отырайық! Өз басым күнделікті ақпаратты қалт жібермеймін. «Сақтансаң, сақтармын» деген сөзге мән берген жөн. Ел басына күн туған сәтте де жақсылықтан үміт үзбейік. Үйде жатып алып, елдің үрейін туғызатын жалған ақпараттарды таратпайық! Әркім өз жеке басына қатысты сақтық шараларын күшейтуді қолға алулары қажет! Төтенше жағдайға байланысты қойылған талаптарды бұлжытпай орындау – індетті мейлінше тезірек ауыздықтауға септігін тигізетініне сенейік!

Елеусін Ибрагимов,

белсенді жас

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521