Зейнетақы, жәрдемақы уақытында төленді

(0 Votes)

2019 жылдың 12 айында аудан бойынша 6058 зейнеткерге 3 млрд.397 млн.911 мың 125 теңге жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы есептеліп төленді.

Оның ішінде жыл бойына зейнет жасына толған 320 адамға жасына байланысты зейнетақы жаңадан тағайындалды. 2020 жылы жасына байланысты ынтымақты зейнетақы 7 пайызға, ал, жәрдемақылар 5 пайызға өсірілді. Жыл бойына 16 жасқа дейінгі бала жастан және 1,2,3 топ мүгедектеріне, барлығы 2062 адамға 1 млрд.6 млн.685 мың 127 теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленді. Алғаш рет мүгедектік топ белгіленген 182 адамға жаңадан жәрдемақы тағайындалып отыр.

Сонымен қатар 667 асыраушысынан айырылған отбасына 12 айда 286 млн. 469 мың 675 теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленді және 47 отбасы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуда.

2018 жылдың 1 қаңтарында тоқтатылған аталған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларына жаңа мөлшерде төлене бастайды. Атап айтсақ 4 баласы бар отбасыларына 42496 (16,3 АЕК), бес бала болса 53127 (20,04 АЕК), алты балаға 63757 (24,05 АЕК), жеті және одан да көп баласы барларға 74388 (28,06 АЕК) теңге табыс көзіне қарамастан төленеді, қазір аудан бойынша мұндай жәрдемақы тағайындалғандар 1488-ді құрады. Аталған жәрдемақыға жоғары, орта оқу орынында күндізгі бөлімде оқитын жасы 18-ден асқан, бірақ шекті жасы 23-тен аспайтын балалар да есепке алынады.

Өткен жылдың 12 айында 1408 «Алтын, Күміс» алқа иелеріне 16160 теңгеден келетін 274 млн.694 мың 138 теңге төленді. 2019 жылы алғаш «Күміс алқа» иегері атанған 28 анаға жаңадан 16160 теңгеден мемлекеттік жәрдемақы тағайындалып отыр. Былтыр өмірге сәби әкелген 912 анаға бала туғанда берілетін 139 млн.124 мың 600 теңге біржолғы жәрдемақы төленген болатын. Оның мөлшері біріншіден үшінші аралығындағы сәби болса 38 АЕК-тің 38 еселенген мөлшері – 95950, ал 4-ші және одан жоғары болса 63 еселенген АЕК – 159075 теңге. 18 жасқа дейінгі бала жастан мүгедек балалар мен 18 жастан асқан І топ бала жастан мүгедек жанды үйден бағып-күткені үшін 310 қамқоршысына ай сайын 41578 теңгеден бір жылда 140 млн. 290 мың 369 теңге жәрдемақы төленгенін қаперге береміз. Қайтыс болған 293 адамға біржолғы 39643 теңгеден келетін барлығы 12 млн. 832 мың 830 теңге төленді.

Гүлайна Садықова,

«Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КеАҚ Атырау облыстық филиалы бойынша Құрманғазы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521