«Өздері бес мың төлеп мінеді»

(0 Votes)

Жеке кәсіпкер Мерғали Ғабдушевтің автотұрағында Атыраумен екі ортаға қатынайтын таксистермен кездескен аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Қазіргідей ауру таралып жатқан қиын жағдайда, Төтенше жағдай жарияланған уақытта сіздерден жол ақысын көтеріп жібермеулеріңізді сұраймыз. Екінің бірі қымбат бағамен Атырау қаласына бара алмайды. Жолаушылардың жағдайына түсіністікпен қараңыздар. Үстеріңізден бағаны көтеріп жібереді, сіздер қарамайсыздар деп бізге жиі шағым түседі. Жанармай қымбатсып жатқан жоқ. Жол ауыр десеңіздер онымен бұған дейін де қатынап жүрсіздер. Енді неге бағаны көтересіздер? Армениядан келген көліктерге де тыйым салмай отырмыз. Қалағандарыңызша жүріп-тұрып жатырсыздар. Сол себепті сіздерден жағдайға түсіністікпен қарауды талап етеміз. Олай етпесеңіздер халықтың наразылығын тудырғандарыңыз үшін Төтенше жағдайлар заңына сәйкес қажетті шараларды аламыз. Араларыңыздағы үлкендеріңіз осыны жастарға түсіндірсін, - деді.

Таксистер бағаны көтермейтіндерін айтты. Біреуі бағаның өсуіне тұрғындардың өздері де себепші болатынын, жақында Атырауға барғанда таксиге жолаушының «Бес мың теңге беремін, Құрманғазыға дейін ала кетші», деп айтқанын естігенін жеткізді.

Сонымен қатар жүргізушілер санитарлық тазалықты сақтау үшін автотұрақта жаңбыр суы ағып кететін суағар жасау керектігін алға тартты. Бұл мәселеден оған қатысып тұрған автотұрақ иесі хабардар болды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521