Қызметті асыра пайдалану – ауыр күнә

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияда 3 мәселе қаралды.

Алғашқы болып Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі директорының міндетін атрқарушы К.Сәрсенова «Сыбайлас жемқорлықтың көріністерінің алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыстар» туралы хабарлама жасады. Хабарлама тыңдалғаннан кейін комиссия төрағасы Қ.Нұртаев колледждің мүмкіншілігі, ондағы мамандықтардың бүгінгі қоғамға қажеттілігі, өміршеңдігі жөнінде ата-аналарға түсінік жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

img_9140

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Т.Жұмашев 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында қабылданған шаралар туралы баяндады. – Полиция органдарының басты міндеттерінің бірі жемқорлықтың алдын алу, жою болып табылады. ҚР Ішкі істер министрлігінің № 117 бұйрығымен бекітілген ҚР ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бөлімнің жеке құрамының арасында талқыланып, жоспарға сай бірқатар жұмыстар атқарылды. Заңдылықты бұзатын, лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдаланатын, алым жинайтын, пара алатын қызметкерлерді анықтау үшін рейдтік шаралар, ашық және жасырын тексерулер тұрақты жүргізіліп тұрады. Тергеу, анықтау, патрульдік полиция қызметкерлерімен учаскелік полиция инспекторларының қызмет атқаруларына қадағалаулардың пәрменділігі күшейтілді. Ауданның полиция бөлімі қызметкерлерінің жол жүрісі қағидалары, қызметтік және жеке автокөлікті пайдалануды бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында жиналыс өткізіліп, жол көлік ережесін сақтау қатаң бақылауға алынды.

img_9144

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан 2019 жылы аудандық полиция бөлімі көші-қон қызмет бөлімшесінің бастығының үстінен ҚР ҚК-і 361 бабының 2-бөлігімен (билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) қылмыстық іс қозғалып, ІІО-нан шығарылды. Аталған факті жеке құрам арасында қатаң талқыланып, қатаң ескертілді. Өткен жылы электрондық планшет арқылы 2100 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұл қызмет уақытты үнемдеуде өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінгі таңда 84 қылмыстық істің 74-і электрондық форматта тергеліп отыр, - дей келе, патрульдік полиция да 100 пайыз бейнетіркегішпен қамтылғанын алға тартты.

Комиссия төрағасы Қ.Нұртаев, комиссия мүшесі Жұмақай Ғұмаров тарапынан автокөліктің құжаттарын өзімізденберуді ұйымдастыру, аудан орталығындағы ескі ғимараттарды бұзуға ықпал ету жөнінде өрбіді.

i

Қиғаш, Дыңғызыл, Көптоғай ауылдық округтерінің әкімдері Ж.Жанханов, О.Азимов, Б.Балтеав, Шортанбай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С.Сейтекова күн тәртібіндегі мәселеге орай хабарламаларын ұсынды. Комиссия төрағасы Қ.Нұртаев мемлекеттік сатып алу заңдылықтары бойынша біліктіліктерін арттыруды назардан тыс қалдырмауды міндеттесе, комиссия мүшесі А.Сүйінәлиев 2019 жылы Нұржау ауылдық округінің есепшісі әкімнің электрондық кілтін өзі пайдаланып, алаяқтыққа жол бергенін тілге тиек етіп, орын алған келеңсіздіктен сабақ алып, бұл мәселені қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521