Құқық бұзушылықпен күрес жалғасуда

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын оның төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев ашып жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды.

«Қоғамдық қауіпсіздікті бұзған жасөспірімдерді анықтау мен оның шығу салдарын талдау және оларды түзеу бағытындағы жұмыстардың жаңаша түрлері, құқықбұзушылық моноторингісі» мәселесі бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы Г.Құбаева,АПБ аға УПИ полиция майоры Ж.Бектеміров хабарлама жасады.

«Елді мекендерде ауыл жастарын құқық бұзушылық пен радикалдық діни ағымдар идеяларының кері ықпалынан сақтандыру бағытындағы алдын алу жұмыстарының және кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мінез-құлқын қалыптастыруда атқарылған жұмыстар» аясында Құрманғазы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы М.Әжігереев жоспардағы бірқатар жұмыстармен бөлісті. Сонымен қатар, Ақкөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Р.Қайрушева «Түнгі ауыл» рейді кезінде тұрғын үйлерінен тыс жүрген жеткіншектердің ата-аналарына әкімшілік хаттама толтырылып, сабаққа жиі қатыспайтын мектеп оқушыларынан тиісті шаралар алынғанын айтты.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521