Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, тазару ұғымдарынан құралған. Сондықтан 23 наурыз – "Тазару күні".
"Тазару күні" мерекесіне орай, тазалықты жанына серік еткен Абай мектебінің қызметкерлері бүгін мекеме ауласын санитарлық тазарту және көркейту жұмыстарына қатысып, сенбілік шарасына белсене араласты.